среда, 11 июня 2014 г.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАЛҒАН ДІНИ КОММЕРЦИЯЛЫҚ КУЛЬТТЕРДІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

   
Қазіргі таңда елімізде 17 конфессияға тиесілі 3088 діни бірлестіктер заңды түрде жұмыс жасауда. Сонымен қатар ешқандай конфессияға жатпайтын жүйелі маркетинг қағидасымен құрылған жалған діни коммерциялық культтер саныда көбеюде. Солардың бірі Cаентология шіркеуі заңды түрде тиым салынғанымен қоғамдық бірлестік болып қайта құрылып жұмысын жүргізуде.  Бұдан басқа ислам дінін жамылып жергілікті халық арасынан шыққан жалған әулие-әмбиелерден құралған «Ақ-жол», «Ата-жол», «Ақ әулие», «Орда» секілді бірнеше жалған діни коммерциялық культтер жұмыс істеп жатыр .  Соңғы аталған  жергілікті коммерциялық культтер еліміздің оңтүстік, оңтүстік шығыс, батыс бөлігінде яғни қазақилық сақталған аймақтарда  кеңінен қанат жайған. Қазақстанда қайта тіркеуден өтпей қалған «Саентология шіркеуі» бүгінде қоғамдық ұйым ретінде қайта құрылып жұмысын жалғастыруда.  2012 жылы «Саентология шіркеуі»  Қазақстан республикасының 2011 жылы қазан айында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң талабына сәйкес қайта тіркеуден өтпей қалған болатын. Дегенмен «Перспектива» ақпараттық-консультативтік тобының басшысы Елена Бурова мәлім етті. Оның айтуынша, жаңа ұйым «Бақытқа бастайтын жол» («Дорога к счастью») деген атпен, діни емес, қоғамдық бірлестік ретінде тіркелген. Осы орталықтың өкілі  Минаева Анастасияның журналистерге берген сұхбатында Саентология шіркеуінің жабылмайтыны сенімді, және қатарында адам санын өсіп келе жатқанын айтты. Қаржы пирамидасы секілді жұмыс жасайтын бұл ұйым неге саентология шіркеу мүшесінен жоғарғы сомада қаржы жинайсыздар деген сұраққа төмендегіше жауап берді.
         - Бізге ең алғаш келген адам алдымен қарайды, танысады, егер ұнаса, қызық болса, ол өзінің табиғатына келсе, ары қарай жалғастырады. Сендер де мешітке садақа берген секілді біздіде келгендер қаржыландырады  дейді. [1]  
         Заңгер Ғалым Нұрпейісовтің пікірне қарасақ жаңа заңда «Саентология шіркеуінің» қызметін жалғастыруына мүмкіндік беретін кемшіліктер де бар көрінеді.[2] Жалпы, Қазақстандықтар Ресей баспасында шыққан кітаптардан, газет‑журналдардан Сентология шіркеуі  туралы толық хабардар. Біз онда саентология туралы  жақсы және теріс көзқарастардың тең түсетіндігін көреміз. Көпшілік қауымның қолына осылардың қайсысының түсетіні әрине белгісіз.
    Л.Р.Хаббардтың технологиясы туралы алғаш мағлұматтар XXғ.70ж. КСРО кезінде ене бастады. Қазақстан Республикасы тәуелсіз алғаннан кейін 1999жылдан бастап жұмыс істей бастаған. Бүгіне дейін 40 мыңнан астам қазақстандық ол шіркеумен танысып үлгерген.
  Бұл зерттеу барысында саентология шіркеуіне заң жүзінде тыйым салу біраз қиындық тудыратынын көрдік. Біріншеден, оның таралуына кедергі жасау халықаралық заңдылықтарға қайшы келеді. Жаңа бұл ағымның аясында миллиардтаған доллар айналымда жүретініде белгілі болды. Қаржы полициясы немесе Ұлттық қауіпсіздік комитеттері оның филиалдарының кейбір заңсыз әрекеттерін анықтаған жағдайда жауып тастай алады екен. Алайда екінші бір жерде басқа бір атаумен жаңа филиалы ашылады. Деректерге сүйенсек, қазірдің өзінде Астанада  «Нарконон», «Перформия», «Рубин», «Эсто» бизнес мектебі деген сияқты аттарды жамылып алған бірнеше ұйым бар. Мысалы, Қарағандыдағы «Дианетика» «Саентолгия шіркеуі» діни бірлестігі мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 2009 жылғы 16 ақпандағы шешімімен жабылған болатын. Осыған қарамастан, бірлестік заңсыз жұмысын жалғастырып келген. Алматыда 2009ж. заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікпен саентология шіркеуінің басшылары қамауға алынды. Елімізге заңсыз жолмен әкелінген нарканонды дәрі-дәрмектер мен осы діни ұйымға мүше болған 8 мыңнан астам адамға қатысты құпия ақпараттар сақталған мұрағат тәркіленді. 2011 жылға дейін Қазақстанның Алматы, Астана, Шымкент,Өскемен, Павлодар, Семей Қызылордада қалаларында үлкен орталықтары болған. Бұл орталықтар 2011 жылы қайтадан діни қызымет, және діни бірлестіктер туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін заңды түрде жабылған болатын. Дегенмен бүгінгі күнде жабылған саентология шіркеулері түрлі психологиялық емдеу орталықтарын ашып жұмысын жалғастырып жатыуы әбден мүмкін. Себебі Алматы қаласындағы осындай  ірі орталықтарының бірі «Бақытқа жеткізер жол» деген атаумен халыққа қызымет етіп жатқаны белгілі. Саентология дінге жатпайды, ол- дәстүрден тыс негізде өктемдікпен адамды баурап алатын жеке тұлғаның арқасында дүниеге келген жалған діни коммерциялық культ деуге толық негіз бар.
    Еліміздегі жалған діни коммерциялық культтердің қатарын толықтыратын ұйымдардың маңыздыларының бірі жергілікті тұрғындардың арасынан шыққан жалған әулие-әмбиелер.  Республикамызда соңғы жылдары елімізде зираттарға зиярат жасайтын «Орда» ,«Ақжол», «Ата жолы», «Бес ата» секілді ұйымдар қатарына кірушілер көбейіп келеді (Ауылды жерлерде). Бір қарағанда, Алла жолындағы жандардың игілікті ісіндей көрінетін осы тірлікке терең үңіле түссеңіз, оның кәдімгі қаржы пирамидасы екендігін байқайсыз.
         «Ата жолына» қысқаша мәлімет бере кетсек. Ең алғаш 1997 жылы «Ақ жол» ұйымы болып құрылады, кейіннен атауын «Ата жолына» өзгертеді, 2001 жылы Алматы қаласында коммерциялық ұйым ретінде тіркеуден өтеді. Ел аумағы бойынша аталмыш ұйымның «Ата жолы» журналы, «Ата жолы әліппесі» секілді баспа өнімдері кеңінен таралған еді. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларында сенімді өкілдері бар. Солар әулиелік және емшілік қасиетке ие екендігін, олардың ауруларды емдеуге мүмкіндігі барын сендіріп, яғни қарапайым адамнан әулие жасау арқылы жер-жердегі жұмысын жалғастырып жүр.
         Бүгінде олардың «торына» түскен адамдардың санында шек жоқ. «Ата жолының» арқасында отбасынан айрылып, тіпті өз-өзіне қол жұмсайтындардың да саны артқан деседі. Соның нәтижесінде автобусқа ел тиеп алып мола аралайтын «Ата жолы» ұйымы секта ретінде бағаланып, оның қызметіне заңды түрде тиым салынған еді. Бірақ бұл ұйымда жасырын жұмысын жалғастырып жатыр. 2012 жылы діни бірлестіктердің жұмыстарын тексеріп, талдау жасап көрген Қызылорда облыстық прокуратурасы, ішкі істер және әділет депар­таменттері, Ұлт­тық қа­уіп­сіздік комитетінің Қы­зыл­орда облысы және Байқоңыр қа­ласы бойынша департаменті аймақта ешбір тіркеусіз Орда деп аталатын 20-дан астам діни ұйымның жұмыс жасап жатқанын анық­­таған.
         Бұл ұйым өзінің жұмысын бірқатар жерлерде “Ата жолы”, “Бес ата”, “Ақжол” тармақ­та­ры арқылы жүргізеді. Осы “Орда” тобы жетекшілері өздерінің мұсылман­шылықтан сырт тұрғандарын оларды ұйым мүшелері “әулие” атайтындығынан да көрінеді. Олар көшеде көрінген кез келген кісіге: “Сенің бойыңда бір ерекше қасиет бар, енді бізбен бірге жүріп, ата­лардың басына барып, жолыңды ашып алуың ке­рек, әйтпесе өзің немесе жақын-жуықтарыңның бірі жазым болады” деп, әңгімелерін буынға түсуден бастайды. Сол алдаудың арбауына түсіп қалған адамдар  жолдың қашық­тығына қарай жетекшіге 25-45 мың теңге ара­лығында ақы төлеуі тиіс. Әулие аралап келгеннен кейін Ордашылардың айласы намаз оқытып сізге, аяқ астынан қасиет дарытып – емшілік береді. (Бұл желіктіргені деуге болады)Сосын айтқанын орындатып, өзіне бағындырады. (негізгі мақсаты) [3]
      “Оның мүшелеріне жүктелер негізгі міндет – топқа мүше тарту. Бұлардың сол сапарларға орай алатын атақтары мен құқықтары да белгіленген. Мәселен, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи баба ба­сына екі мәрте барып, өздерінің “Жүрек ашқызу” деп атала­тын ақылы жоралғыларына қа­тысып қайтқан еркек – “Сұңқар”, әйел “Аққу” атанады. Содан кейін сол “Сұңқарлар” мен “Ақ­қу­ларға” аруақтың атынан сөйлеуге, адам емдеуге то­лық құқық беріледі десек, ерсілі-қарсылы теңселіп отырып, төрелігін білдіріп тұратын “әулиенің” жүзіне тіктеп қарауға болмайды. Бұлардың түсіндіруінше, “әулиеге” қарасаң, аталар сөйлемей қояды. “Саған ана атаның аруағы былай деді, сен енді мы­надай міндетті орын­­дауың керек, сонда жо­лың ашылады” деп ар­тынан ерген  жұртты  бүл­діреді. Өз биз­нес­терін жүйелі маркетинг тәрті­бі­мен дамытып жатқан ор­да­лықтардың жазылмаған заңында “Аққулар” мен “Сұң­қарлар” өз бетінше топ құрып, зиярат жасауға мүмкіндік ала­ды. Діннің шындығын өздерінің әрекеттерімен бүрке­мелеген осындайлардың шы­лауын­да мыңдаған адам жүр.
     Зиратқа зиярат жасау ертеден бар. Ол тіпті ауыз әдебиетінің жанрларында да кездеседі. Айталық, “Алпамыс батыр” жырында Жаратқан­нан бала сұрап жалбарынған Байбөрі “Көңілін тіпті бөл­меді. Ойын-күлкі жыртаң­ға, түнеді үш күн Байбөрі, Әзірет Әлі сұлтанға” деп суреттелсе, “Қо­быланды батырда” бір перзентке зар болып, “Әу­лие­ге ат қойып, Қорасанға қой айтып” әулие қоймай қы­дыр­ған, етегін шеңгел сыдырған Тоқтарбайды көреміз. Ондай Алладан медет тілеген жарым көңіл  жандардың әулие басына тү­неуі қазір де кездеседі. Бірақ, олардың бірде-бірі орда­шылар секілді қорымдардың қорғанына топырлап барып, әу­лиелі жерлерге топ-топ болып  бармайды. Әуле аралайтындар арасында “Бес ата” деп кеңінен таралған пірлер бар. Соларға тоқталып өтсек. Олардың басында Тезек төрені асау жырымен тезге сал­ған Сүйін­бай баба тұр, одан кейін “Менің пірім – Сү­йінбай, сөз сөйлемен сыйын­бай” дейтін әйгілі Жамбыл баба, әрі қарай Түктібай ата, Са­рыбай би, Қайназар ата болып жалғасып кете барады. Міне, бес атаның тізімінде осы аруақты бабалар тұр. [4]
         Еліміздегі аталған ұйымның рухани дем берушісі  Тоқберген Байтасоватың өзінің блогында жазған жазбаларынан әулиешілердің діни іліміндегі көп нәрсе дәстүрлі ислам дінінде жоқ ұғымдар бар. Оны төмендегі жазбадан көреміз.
Ата жолының ең басты рухани бұлағы жүректердегі пердені, яғни мөр ашу болып саналады да,  оның  бар жұмыстардың атқарушысы мен ата жолының ғылым-білімдік, тура жолдық шараларын қалыптастырушы болып, әрбір ата жолына келген пендеге иманын іздеуге жетекшілік ететін аққу сұңқарлардың тақуалық бейнесін қалыптастырумен ғана атқарылады. Сондықтан осындай қасиет, дарындылықтарды меңгере білген әрбір аққу, сұңқар өзінің білімділік, ілімділік шамасына қарай белгілі бір қасиеттің пірлері болған әулиелер аруағы мен пенде арасындағы аяттарды, хабарларды жеткізуші елші болып саналады. Ол үшін де әуелі 9 жыл сынақ мерзіміндегі тән мен рух, жан,  сезім арасындағы 3 түрлі қараңғылық пердесін тазартумен, жарыққа айналдыру арқылы иманың 60 бұтақты дәрежесін меңгеру шарт.
Бұл негізінен ата жолының орта топтық қағидалары болып бекиді. Ал кім иман қуатын жинауда, дін істерін меңгеруде озық болып, тақуалығын жетілдіре білсе, онда 70 бұтақты иманның тәубелік сатысын меңгеруіне қарай ғана елшіліктің де түрлі деңгейлерде дәрежесін меңгере алады. Ал иман қуаттарының да дәрежелері аққу, сұқарлардың әрбір жетекшілік еткен пендесінің жеке-жеке жобасымен тура жолына аманат алып, қасиет, дарындылықтарын меңгерудегі амалдарын, тіршілік намазы қылып орындаумен,  мазхабтық шариғат намаздармен біріктіре отыра уахилармен, бата, аяндармен көрсетуі бойынша қателіктерін түзеп, толық намаз орындауларымен, ата жолында меңгерген, шықан жетістіктермен ғана өлшенеді. Сондықтан әрбір аққу, сұңқар қандай шәкірт дайындай білсе және ол шәкірті өзінен де биіктен көрінетіндей қасиеттерді меңгере білсе, онда имандылығына, қасиеттілік дәрежесіне және  толық өз атына да лайық болушы болып есептеледі.
Негізінен бәріміз де мөр мұғжизасына, яғни ата жол ақ бұлағының бастауына жалғанған болып, сол бұлақтан әркім өз суатын алып, халқымыздың тұрмыс өмір және ақиретті ақаараттар алу саласының сөз ғылымының, ілімдердің барлық саласын қамтитын мектебі болып, болашақта өз еліміз түгіл, бүкіл әлем халқына да танымал болып, барлық діндердің де ортасы болып қаланатыны да хақ.  [5]
Ислам дінінде зиярат ету әдебі қандай болуы керектігі жиі айтылып жүрсе де Алладан гөрі өлген адамнан тілеуді жөн көретіндер әлі де табылып қалуда. Расында бүгінгі қоғам осы мәселеге келгенде екіге жарылатын сияқты Қабір басына барып, өлгендерден тілек тілеп, Түркістандағы Яссауи кесенесін қасиетті Қағбаны айналғандай жеті рет айналып, тәуап етіп жататын, әруақтан тілек тілеп, бала сұрап жалбарынатын қауымның іс-әрекеті қаншалықты Исламға қайшы екенін біреу білсе, біреу білмейді. Бүгінде тыйым салынса да «Ақжол», «Ата жолы», «Сұңқар», «Аққу» деген атпен талай қазақ көш бастап, қиындыққа тап болғандарды қабір аралатып, олардан демеу сұратып жүр. Амалы таусылған шарасыз жанның жиған-терген теңгесін жинап алып, жолын ашып берушілер көбеюде. Бұл осы дүниенің есебі, ал ақиретте ше? Алайда, олардың: «Біз аруақтардан емес, Алладан сұраймыз, тек біздің тілегімізді Аллаға аталар жеткізеді» деп жүргендері – рухани айла дейді ҚМДБ имамдары. Өйткені Алла Тағала: «Алладан басқа нәрселерге табынасыңдар ма? Олар сендерге зиян тигізу қабілетіне де, пайда келтіру қабілетіне де ие емес қой. Алла естуші, әрі толық білуші» дейді («Маида» сүресі, 76-аят). Қалай алып қарасаң да қабірде жатқандардан тілек тілеуге болмайтыны  анық. Тілекті еститін де орындайтын да бір Құдай. «Жаратушы тұрғанда жаратылғаннан не сұрайсың» деп аталарымыз тегін айтпаған ғой.       Алла тағала Фатиха сүресінің бесінші аятында бір Аллаға ғана құлшылық етіп, бір Алладан ғана сұрау қажеттігін адамдарға бұйырған екен. Ал, қабірде жатқан қандай қасиетті адам болса да, одан бірдеңе сұрау – Алланың қаһарын тудыратын серік қосу күнәсі болып саналады. Дәстүрлі ислам діні бойынша  әулие, әнбие, әруақ – бұлардың бәрі өмірден өтіп кеткен адамдар. Олар біздің қайғы-қасіретімізге, қуаныш-шаттығымызға ортақтаса алмайды. Бізге ешқандай жәрдем тигізбейді. Тіпті олар біздің не тілеп, не сөйлеп жатқанымызды да естімейді. Бұл сөзімізге дәлелді  Құраннан табамыз. «Егер оларға жалбарынсаңдар – дауыстарыңды естімейді. Егер, олар естісе де, сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ, Қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандарыңнан танады. Толық хабар беруші Аллаһтай сендерге ешкім түсіндірмейді» (Фатыр сүресі, 14-аят). «Тірілер мен өлілер тең емес… Мұхаммед (ғ.с.) сен қабірдегі біреулерге естірте алмайсың» (Фатыр сүресі, 22-аят). Ислами сенім Аллаһтың аяттарында келтірілгендей, тірілер мен өлілер тең еместігін нақтылай түседі. Өлілердің тірілерге көмектесуі мүмкін емес. Ал тірілер Құран оқып, дұға жасап, өлілерге көмектесе алады. О дүниедегі туыстарыңызға дұға жасасаңыз, Алла оның мәртебесін өсіреді дейді.[6] Түркістанды екінші  екінші Мекке деген атты қоспасақта оның өз атақ абыройы жетерлік. Тарих сахнасынан түркі рухани астанасы деген ұғыммен орын тепкені баршаға аян. ЮНЕСКО төңірегінде тойланған Түркістан қаласының 1500 жылдығында сөз алған ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі жалпы жұртшылыққа Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне табынып, тауап етпеу керектігі, ол кесенені зиярат жасаумен қажылық міндетін орындаған болып саналмайтындығы жайында айтып, керісінше баба кесенесіне құрметпен қарап, оған құран бағыштап және Аллаһтың рахымын тілеп, тек бір Аллаһқа ғана сыйынуға үндеп, шақырған болатын.

Пайдаланған әдебиетте тізімі

3           http://baq.kz/blog/article/989
5           http://tokbergenbaitassov.com/
6          http://kz.otyrar.kz/2014/01/alladan-bolsyn-ne




ӘЛЕМДІК ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ДІН БАСШЫЛАРЫ СЪЕЗІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ


  Әлемдік саяси картаға көз тіксеңіз  Еуразияның дәл жүрегінде сары түспен боялған Қазақ Елінің кең байтақ териториясы көзге түседі. Осынау кең даланы бабамыз  ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, көздің қарашығындай сақтап келгенді. Көшпелі жұрттың көшін иіріп қойнауына талай жұртты сыйғызған бұл киелі далада Ұлы жібек жолы арқылы сан мыңдаған жолаушылар мен керуен-керуен жүк артқан түйелердің қиы сіңіп қара құнарлы топыраққа айналды. Ұлы жібек жолы тек сауда жолы ғана емес, сонымен қатар шығыс пен батыс мәдениетін байланыстырып тұрған өркениет жолы еді. Тарих қойнауынан сыр шертсек Дешті қыпшақ даласында аңдардың суретін тасқа қашап салып, көкберіні тотемі еткен тотемдерді, ата-баба әруағына табынған анимистерді, кресті қасиет тұтқан несторилерді,  көк тәңірге табынған түркілерді, отққа табынған зәрдүштерді, жын мен періге әмірін жүргізген шамандарды да, таухидті ұстанған ата-бабамызды, бір сөзбен айтқанда адам баласының жүрегінен орын алып сеніміне қуат берген бүкіл діндерді кездестіреміз. Жаратылысқа зер салып қарасаңыз жер бетіндегі үйлесімділікті көріп бір шебердің қолынан шыққан туынды екенін аңғаруға болады. Күннің шығуы мен жер бетіндегі тіршіліктің жандануы, белгілі бір аралықта жауын суымен өсімдіктердің суарылуы, күннің батуы мен аймен жұлдыздардың шығуы барлығы өздігінен болуы әсте мүмкін еместі. Шын мәнінде жаратыушы біреу, оған жеткізер жол әртүрлі. Ежелгі діндер бұл турасында түрлі мифологялық көзқараста болған еді. Әр бір болып жатқан құбылысқа жеке дара өзінің иесі бар деп бір- бір құдайдан телген болатын. Ежелгі  мәдениеттің  классигі саналатын Грек-рим, үнді-қытай мифологиясында да жиі кездестіретініміз құдайлар мен оларға арналған құрбандықтар туралы жазбаларды жиі кездестіреміз. Өз кезегінде құнды дүние саналған қағидалар күнімізде тек тарихи ескерткіш ретінде қалды. Әйтсе ол діндер әлемдік діндердің пайда болуындағы алғашқы баспалдақтары болатын. Әлемдік діндердің барлығы дерлік тек өз дінің дұрыс өзге дін өкілдеріне құдайға жеткізер жолдың есігі жабық деп айтпайды. Себебі жер бетіндегі дін атауы тек бейбітшілікке, бірлікке, бауырмалдылыққа шақырады. Бүгінгі күнде ғаламдық проблемалардың бірі әлемдік саясатқа кері әсерін тигізіп отырған ұлт аралық дау-жанжалдар мен діни фанатизм. Әсіресе діни экстремизм және терроризм мәселесі жаһандық қатерге айналып отыр. Бұл мәселеде Қазақ Елі ада дей алмаймыз. Себебі 2011 жылы  Тараз қаласындағы жеті адамның өмірін қиған экстремистердің ұйымдастырумен болған жарылыс, Ақтөбе қаласында болған жарылыс тағы басқа елімізде жүзеге аспай қалған ұйымдасқан топтардың  құрықталуы бейбітшілікке төнген қатерідің бар екенін көрсетеді. Менің осы тақырыпта ізденіс жүргізгенімде басты назар аударған нәрсе – қазіргі  бүкіл әлемде болып жатқан  жарылыстар,  қантөгістер, діни төзбеушілік пен нәтижелері, оның  ішіндегі Ирактағы, Таяу Шығыстағы  болып жатқан қорқынышты   террактілермен  жарылыстар. Сондай-ақ бұл тақырыпты  зерттеу барысында, толеранттылық ұстанымы, зайырлы мемілекет ұғымы, діннің негізгі мақсаты, әлемдік діндердің бірлігі, толеранттылықтың үлгісі ретінде көрініс тапқан «Әлемдік және дәстүрлі діндер съездінің»  өткені мен бүгіні, болашағы туралы, ментурал діни фанатизмдер кімдер, олардың алдын алудың жолдары, Әбу – ханифа мен Орыс православ шіркеуінің Қазақ Елі үшін дәстүрлі дін ретінлегі рөлі, Экстремистер  әлемге және де біздің қоғамыз  үшін қаншалықты қатерлі,  деген сұрақтарға  жауап іздедім.      Қазіргі адамзат қоғамының  негізгі ерекшелігі  әлем мемлекеттерінің өзара жақындасуы барлық  мемлекеттер үшін өркениет  стандарттары қалай ортақ  болса, қайшылықтар мен қауіптер де соншалықты ортақ. Соңғы уақытта адамзатқа ортақ, ғаламға төнген  кауіптердің қатарына  экстремизм келіп қосылды. «Фундаментализм», «Экстрремизм»  ұғымдары, біздіңше, біріне-бірі жақын ұғымдар, ал терроризм оның асқынған көрінісі.  Қазіргі әлемде  экстремизм  идеясынының  пайда болуы  және  оның таралуы  бірден – бір қатер. Бұл идея  мемлекеттің  іргесін  шайқалтуға, түптеп  келгенде  әр-түрлі елдердің  мәртебесін  өзгертуге бағытталған. Бүгінгі  таңда қауіпті ауқымды  қатерлі салдар  тудыратын  деңгейде   жеткен   экстремизм  саяси   құқықтық   құбылыс ретінде  ғаламдық  күрмеуі қиын  мәселеге  айналды. Осы тұста бейбітшілікке бастайтын діни төзімділік пен диалогтың мәні өте зор болып отыр. Соның әлемдік көрінісі ретінде Еліміздің астанасы Астана қаласында бастау алған әлем діндерінің лидерлері бас қосатын съезді айтуға толық негіз бар. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі тек Қазақ Елі үшін ғана емес әлемдік ой санада қалыптасып ұзақ процеске созылған  тарихи оқиға. Ал Қазақ Елі үшін әлемдік діндердің арасында толеранттылықтың имиджі ретінде қалыптасқан  Астанадағы пирамида жасампаздықтың белгісі ретінде есте қалады. Үш жылда бір рет бас қосатын әлемдік дін лидерлері бірін – бірі түсінуге, діни төзімділікке, дін атауы түрлі болғанмен ақиқат біреу екенін бәрі бір ауыздан мойындайды [1].
    Қазақстанның саяси тұрақтылық пен ұлтаралық және дінаралық келісімді жүргізу тәжірибесінің бүкіл әлемдік мәні болып отыр. Сондықтан да 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына Қазақстанды осы ұйымның төрағасы етіп сайлады және Астанада ЕҚЫҰ-ның саммиті өтті. Оның алдында елімізде 3 рет әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндердің съездері болып өтті.2003 жылы 23-24 қыркүйекте Елордамыз Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндердің І съезі болып өтті. Съезд жұмысын 80 шетелдік, 275 қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері әлемге жария етті. Съезд қарсаңында да, оны өткізу кезінде де БАҚ кеңінен атсалысты. Съезге дүниенің төрт бұрышындағы 17 мемлекетінің дін адамдары және халықаралық ұйымдар мен басқа да сала  өкілдері келген болатын. Съезге Рим Папасы Иоанн Павел ІІ, Бүкіл Ресей және Мәскеу Патриархы Алексий ІІ, Кентерберий архиепископы Р.Уильямс, Варфоломей православиелік шіркеуінің Константинополь Патриархы құттықтау жіберіп, қолдаған еді. Бұл съезд жаһандық сипат алып, соны насихаттауға келген өзіміздің және шетел журналистері діни форумның әрбір сәтін қалт жібермей, төрткүл дүниеге таратты. Қазақстанның елордасы Астанада болған бұл форум мұсылман, христиан, иуда, будда, синтоизм, даосизм, брахманизм сияқты әртүрлі дін өкілдерін бір есіктен кіргізіп, бір үстел басында әлемдік деңгейде бас қосуға мұрындық бола алды. «Қазақстан сөйтіп осыншама сан алуан дін өкілдерінің басын қосып, алқалы жиын өткізген тұңғыш мұсылман мемлекеті ретінде тарихқа енді. Франция митрополиті Эммануельдің «Астанаға мен білетін діндердің бәрі бас қосты», деуі де сондықтан». Әлем елдері мұндай басқосудан үмітті болғанымен, дәл біздің еліміздегідей жағдайдың оларда бола бермеуі мүмкін. Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы беделі алқалы жиын өткізудің алғышартын жасады.Астанада өткен осы съезд бүкіл әлем өміріндегі аса маңызды рухани оқиға болды. Оған дәлел делегациялардың құрамы мен съездің күн тәртібіндегі мәселелер ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығының осы съезге ерекше назар аударуында болды.Съезге БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан, Сауд Арабиясы королі Фахд ибн Абдул Азиз Әль-Сауд, АҚШ Президенті Джордж Буш, Ұлыбритания Премьер-министрі Тони Блэр, Франция Президенті Жак Ширак, Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин, Иран Ислам Республикасының Президенті Сеид Мухаммед Хатами, Египет Араб Республикасының Президенті Хосни Мубарак, Италияның Премьер-министрі Сильвио Берлускони және т.б. өз жолдаулары мен құттықтауларын жіберді.Ислам әлемдік дінінің атынан съезге Мысыр, Үндістан, Индонезия, Иран, сауд Арабиясы және Пәкістаннан делегациялар келді. Ал христиан әлемдік діни конфессиялары атынан Рим-Католик, Англикан, орыс проваславиесі, Константинополь проваславиесі шіркеулері мен Лютерандардың бүкіл әлемдік дінінің үш делегациясы келді.Дәстүрлі Ұлттық діндер атынан Иудаизм, Доасизм, Индуизм, Синтоизм, т.б. өкілдері келді. Діндердің әртүрлі бағыттарынан барлығы 18 делегация қатысты.Рим папасы Иоанн Павел ІІ, Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Алексей ІІ съезге үлкен көмек көрсетіп, құттықтаулар жіберді.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев съезге қатысушыларды құттықтап сөз сөйлеген соң, съезге қатысушылар бірауыздан Н.Ә. Назарбаевты съездің төрағасы етіп тағайындады. Осылай біздің Елбасымыз аса биік мәртебе мен құрметке ие болып, съездің жұмысын ашық деп жариялады. Съездің жұмысы басталар алдында жер бетіндегі бейбітшілік пен келісімді мұрат етіп, барлық діндердің, конфессиялар мен халықтардың бірлесуі үшін ерік-жігер, күш-қуат пен денсаулық берсін деп толғану және құдайға жалбарыну үшін бір минут тыныштық жарияланды.Осыдан соң съезде бірінші болып съезд төрағасы ҚР Президенті       Н.Ә.Назарбаев сөз сөйледі. Елбасы өз сөзінде Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі діни ахуалға жан-жақты тоқталып, діндердің рөлі мен даму барысы туралы терең де батыл тұжырымдар жасады. «Біріншіден»: «Өркениеттер жанжалы» және «діндер дағдарысы» тақырыбы бойынша соңғы жылдары орын алған пікірлер негізсіз деп санаймын деп мәлімдеді Н.Ә. Назарбаев [4]. Бұл тұжырымның теориялық қана емес практикалық маңызы да үлкен болды. Оны съезден кейінгі жағдайлар көрсетті.Одан соң Елбасы бүгінгі қиын да күрделі әлемде «адамзаттың діни ақиқаттан жауап іздеуге жаппай оралуы...» туралы пайымдауы да үлкен шындық деп көрсетті. Адам баласы Алланың пендесі екендігін жаппай мойындауға көшті. Елбасының сол съездегі сөзінде тағы да бір аса маңызды нәрсе ол діни жағдай мен діннің Қазақстан және әлем үшін ерекшелігін былайша ашып көрсетті: «Бұл тұрғыда – деді Н.Ә. Назарбаев, - Еуразияның орталық бөлігінің ерекшелігі мұнда діннің көптеген халықтарды ұлттық топтастырудың факторына да айналуында болып отыр». Дін қоғамды топтастырушы фактор ма, әлде жікке бөлуші фактор ма, дәл осы сұрақ көбімізді алаңдатып келеді. Дін жікке бөлуші емес, топтаушы фактор. Съезд жұмысының өзі осыған нақты дәлел. Мәселе діннің топтаушылық рөлін көре және ұтымды пайдалана білуде.Рухани әмбебаптығымен қатар дін халықаралық ынтымақтастықтың ықпалды институты да. Саяси реттеу әдістері іске аспаған кезде Құдай Сөзінің рөлі татуластыру мен ынтықтың бірден-бір құралы болып қалуда екендігін де Елбасы еске салды. Ата-бабаларымыздың ең бір қиын істерді Құдайға салып, Құран алдында оп-оңай шешіп кеткендігін қалай ұмытып кеткенбіз.«Өркениеттер жанжалы» емес «өркениеттер кездесуі» туралы айту әлдеқайда орынды дей келе, бүгінгі әлемде «тек қана әралуандылыққа, көпұлттылыққа, көпдінділікке негізделген бірлік формуласы ғана дұрыс», деп көрсетті Н.Ә. Назарбаев.Бұдан кейін Елбасы қазіргі кезеңде орын алып отырған діннің рөлін бұрмалау мен діни экстремизмге сын айтып бірнеше құнды ұсыныстар айтты. Олар:-       діни үнқатысу арқылы «алтын ортаны іздесу»;
-       діндер форумын тұрақты түрде өткізу;
-       діни төзімділік хартиясын әзірлеу;
-       діндердің бірыңғай мәдени орталығын құру.       Съездегі жарыссөзді бүкіл дүниежүзілік Ислам лигасының бас хатшысы Абдалла Бен Абдуль Мухсин Әль-Түрки бастады. Исламның ізгі қағидаларының артықшылықтарын түсіндіре келе Әль-Түрки Ислам Лигасы атынан бірнеше ұсыныстар айтты. «Өркениеттің қақтығысы» теориясын, ұлттар мен халықтар арасындағы тайталасқа шақырушыларды зерделеу мен сын тезіне салуды ұсынады. «Ланкестік ұғымына халықаралық ұйымдардың талаптарына сәйкес анықтама беру» туралы Әль-түркидің ұсынысының мәні үлкен.Ислам діні атынан съезде тағы да Иран Ислам Республикасы Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Ислам заң ілімі және құқығы жөніндегі комитеттің төрағасы Мехди Харави Могаддам, Әль-Азхар университетінің Жоғарғы Имамы Шейх Мохаммед Саид Тантауи, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы төрағасы, Бас Муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі, Пәкстан халықаралық Ислам университетінің вице-президеті Ахмад Ғази сөйледі.Саид Тантауи діндер мен халықтар мемлекеттер арасындағы үнқатысудың өзара байланыстың негізінде жеті түрлі қағидат жатқанын, осы қағидаттарды басшылыққа алғанда ғана үнқатысудың нәтижелі болатындығын атап көрсетті. Осы қағидаттарды білу және басшылыққа алу діндер мен мемлекеттер арасындағы диалогты ғана емес, кез келген екі адам арасындағы байланысты нығайтуға да үлес қосады.Әбсаттар қажы Дербісәлі дін қайраткерлеріне артылып отырған үлкен сенімге орай былай деді: «Ол үшін барлық дінбасылары мешіттер мен шіркеулер, озық ойлы адамдар өз халқының рухани да мәдени деңгейін барынша көтеруге ықпал еткені абзал».Пәкстан Халықаралық Ислам университетінің вице-президенті Ахмед Ғази «Бүгінгі күні барлық дінтанушылар түсінікке негізделген тың дәстүрлерге ірге тарту жолында бірлесе жұмыс істеуі тиіс» деп мәлімдеді.Қасиетті тақ делегациясының басшысы жоғары нұркейіпті Кардинал Иосиф Томко қасиетті Рим папасы басқарып отырған католик шіркеуінің бейбітшілікті пайымдауы туралы айтты.Ол бейбітшілікті орнықтырудың католиктік көзқарасына тоқталды. Христиан діні бейбітшілікті Құдайдың сыйы деп қабылдайды және ол үшін құлшылық етеді. Католиктер құлшылық етуді астан тежелеумен де ұштастырады. 2002 жылы Папа католиктерді бейбітшілік жолындағы астан тежелеу күнін мұсылмандармен рухани бірліктің айқын нышаны ретінде рамазан айының соңғы жұмасына сақтауға шақырды. Кардинал Иосиф Томконың «уағыз айтушылар өшпенділікті емес сүйіспеншілікті, астамшылықты емес – аяушылықты, соқыр сенімді емес әділ сенімді уағыздауы тиіс» деген сөздері барлық діндер үшін де үйлесімді бағыт.Адамзат басынан кешіріп отырған қиындықтардың діни шекарасы жоқ.Бүкіл дүниежүзілік Лютеран Федарациясының бас хатшысы  Ишмаэл Ноканның сөзінде 1999 жылы қазанда Бүкіл дүниежүзілік Лютерандар Федарациясы мен Рим-католик  шіркеуінің арасында келісімге қол қойылып, екі конфессия арасындағы ХVІ ғасырдан келе жатқан араздылықтың жойылғанын мысалға келтірді.Астана және Алматы Митрополиті Мефоди православиеліктер атынан сөйлеп, Ислам мен православиенің «Қазақстанда оның әлеуметтік және рухани өміріндегі тұрақтылықтың кепілі екендігін айта келіп, кейбір жалған діни ұйымдардың белсенді рухани басқыншылығына алаңдаушылық білдірді, олардың қауіптігін ескертті. Олар көп ретте адамды отбасынан, қоғамнан, өз халқының мәдени және әлеуметтік тұрмысынан оқшалауға тырысады. Рухани дәстүрлерді халықтардың тұрмысы мен салтын жоққа шығарып, мойындамайтындар дәстүрлі діндер мен діни нанымдарының тамырлары мен негіздерін әлсіретіп қана қоймайды, сонымен бірге қоғамның мемлекеттік негізін шайқалтады деді. Ондай жалған діндердің қауіпі туралы мұнан артық айту қиын.Иудей делегациясының басшысы, Израильдің бас раввині Иона Мецгер Қазақстандағы татулық пен келісімді жоғары бағалап, біз бұл елден үйренуіміз керек, мұның өзі барлық діндерге қатысты» деп атап өтті.Съездегі Бүкілқытайлық буддистер ассоциациясының өкілінің, Индиядан келген Индуизм діні өкілінің, Бүкілқытайлық даосистер ассоциациясы өкілінің, Жапониядағы Синтоистік дін өкілінің басқа да съезге қатысушылардың сөздерінде дінаралық, ұлтаралық бірлік пен татулықты жетілдірудің маңызы жан-жақты көрсетілді.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев съездің жабылуына орай сөйлеген сөзін «Яғни, біз барлық дін арқылы бейбітшілікті, төзімділікті, шыншылдықты, келісім мен адам сүйгіштікті уағыздайтындығына тағыда бір рет көз жеткіздік. Біз қарапайым, алайда сөзсіз бір ақиқатты түсінуге тиіспіз – бүгінгі дүниеде біздің бәріміз өзара тәуелдіміз» деп түйіндеді.Съезд Декларация және Шешім қабылдады. Декларация съездің қорытынды құжаты болып табылады. Декларацияда съезге қатысушылардың ойлары мен ұсыныстары көрініс тапты.Декларацияда съезге қатысушылар әр адамның өз дінін еркін таңдау құқығын мойындай отырып, дінаралық үнқатуды халықтар мен ұлттар арасындағы бейбітшілікпен келісімді орнықтырудың аса маңызды құралдарының бірі деп санай отырып, БҰҰ, т.б. халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өркениеттер арасындағы үнқатысуды өрістету жөніндегі күш-жігеріне қолдау білдіре отырып, діннің бүкіл адамзаттық игілігі үшін маңызын қуаттай отырып, дінді теріс пайдаланушылықты айыптады.Декларация адам өміріне деген құрметтің кеміп кеткендігін, сондай-ақ кедейшілік, аштық, сауатсыздық, түрлі аурулар, имансыздық сияқты келеңсіз құбылыстардың, таза су мен денсаулық сақтау ісінің әлемде әлі де шектеулі екендігін, экологиялық дағдарыстарын, жаһандық тұрақтылыққа төнген елеулі сынақ екендігін атап өтті [5].Осылардың негінде Декларацияда жасалған мәлімдемеде мына мәселелерге назар аударылды. Төзімділік, ақиқат әділдік және сүйіспеншілік секілді құндылықтарды өрістету кез келген діни ұйымдардың мақсаты болуы тиіс. Экстремизм, ланкестік, зорлықтың барлық түрлерінің адам өміріне қатер ретінде қабылдануы тиіс екендігі көрсетілді. Діни нанымдар мен ұстамдылықтың сан алуандылығы өзара күдіктенушілікке, кемсітушілік пен қорланушылыққа емес, әр дін мен мәдениеттің бірігейлігін көрсетіп өзара қабылданушылық пен үйлесімділікке жеткізілуі тиіс екендігі атап өтілді.Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1   Койчукулов М. Факторы религиозного экстремизма // Казахстан-Спектр. – 2002. – № 4(22). – С. 10.
2   Имомов А. Непрерывный диалог – важнейший способ решения проблемы экстремизма // Религиозный экстремизм в Центральной Азии: Материалы международной научно-практической конференции. – Душанбе: -     «Деваштич», 2002. – С. 170.
3   Мирский Г. Экстремизм, терроризм и внутренние конфликты в «третьем мире» // Мировая экономика и международные отношения. – 1988. – № 8. – С. 68.
4   Назарбаев Н.А. Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндердің І съезінде сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. – 2003. 25 қыркүйек.
5   Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндердің І съезі. // Егемен Қазақстан. 2003. – 24–25 қыркүйек.