среда, 11 июня 2014 г.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАЛҒАН ДІНИ КОММЕРЦИЯЛЫҚ КУЛЬТТЕРДІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

   
Қазіргі таңда елімізде 17 конфессияға тиесілі 3088 діни бірлестіктер заңды түрде жұмыс жасауда. Сонымен қатар ешқандай конфессияға жатпайтын жүйелі маркетинг қағидасымен құрылған жалған діни коммерциялық культтер саныда көбеюде. Солардың бірі Cаентология шіркеуі заңды түрде тиым салынғанымен қоғамдық бірлестік болып қайта құрылып жұмысын жүргізуде.  Бұдан басқа ислам дінін жамылып жергілікті халық арасынан шыққан жалған әулие-әмбиелерден құралған «Ақ-жол», «Ата-жол», «Ақ әулие», «Орда» секілді бірнеше жалған діни коммерциялық культтер жұмыс істеп жатыр .  Соңғы аталған  жергілікті коммерциялық культтер еліміздің оңтүстік, оңтүстік шығыс, батыс бөлігінде яғни қазақилық сақталған аймақтарда  кеңінен қанат жайған. Қазақстанда қайта тіркеуден өтпей қалған «Саентология шіркеуі» бүгінде қоғамдық ұйым ретінде қайта құрылып жұмысын жалғастыруда.  2012 жылы «Саентология шіркеуі»  Қазақстан республикасының 2011 жылы қазан айында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жаңа заң талабына сәйкес қайта тіркеуден өтпей қалған болатын. Дегенмен «Перспектива» ақпараттық-консультативтік тобының басшысы Елена Бурова мәлім етті. Оның айтуынша, жаңа ұйым «Бақытқа бастайтын жол» («Дорога к счастью») деген атпен, діни емес, қоғамдық бірлестік ретінде тіркелген. Осы орталықтың өкілі  Минаева Анастасияның журналистерге берген сұхбатында Саентология шіркеуінің жабылмайтыны сенімді, және қатарында адам санын өсіп келе жатқанын айтты. Қаржы пирамидасы секілді жұмыс жасайтын бұл ұйым неге саентология шіркеу мүшесінен жоғарғы сомада қаржы жинайсыздар деген сұраққа төмендегіше жауап берді.
         - Бізге ең алғаш келген адам алдымен қарайды, танысады, егер ұнаса, қызық болса, ол өзінің табиғатына келсе, ары қарай жалғастырады. Сендер де мешітке садақа берген секілді біздіде келгендер қаржыландырады  дейді. [1]  
         Заңгер Ғалым Нұрпейісовтің пікірне қарасақ жаңа заңда «Саентология шіркеуінің» қызметін жалғастыруына мүмкіндік беретін кемшіліктер де бар көрінеді.[2] Жалпы, Қазақстандықтар Ресей баспасында шыққан кітаптардан, газет‑журналдардан Сентология шіркеуі  туралы толық хабардар. Біз онда саентология туралы  жақсы және теріс көзқарастардың тең түсетіндігін көреміз. Көпшілік қауымның қолына осылардың қайсысының түсетіні әрине белгісіз.
    Л.Р.Хаббардтың технологиясы туралы алғаш мағлұматтар XXғ.70ж. КСРО кезінде ене бастады. Қазақстан Республикасы тәуелсіз алғаннан кейін 1999жылдан бастап жұмыс істей бастаған. Бүгіне дейін 40 мыңнан астам қазақстандық ол шіркеумен танысып үлгерген.
  Бұл зерттеу барысында саентология шіркеуіне заң жүзінде тыйым салу біраз қиындық тудыратынын көрдік. Біріншеден, оның таралуына кедергі жасау халықаралық заңдылықтарға қайшы келеді. Жаңа бұл ағымның аясында миллиардтаған доллар айналымда жүретініде белгілі болды. Қаржы полициясы немесе Ұлттық қауіпсіздік комитеттері оның филиалдарының кейбір заңсыз әрекеттерін анықтаған жағдайда жауып тастай алады екен. Алайда екінші бір жерде басқа бір атаумен жаңа филиалы ашылады. Деректерге сүйенсек, қазірдің өзінде Астанада  «Нарконон», «Перформия», «Рубин», «Эсто» бизнес мектебі деген сияқты аттарды жамылып алған бірнеше ұйым бар. Мысалы, Қарағандыдағы «Дианетика» «Саентолгия шіркеуі» діни бірлестігі мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 2009 жылғы 16 ақпандағы шешімімен жабылған болатын. Осыған қарамастан, бірлестік заңсыз жұмысын жалғастырып келген. Алматыда 2009ж. заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты деген күдікпен саентология шіркеуінің басшылары қамауға алынды. Елімізге заңсыз жолмен әкелінген нарканонды дәрі-дәрмектер мен осы діни ұйымға мүше болған 8 мыңнан астам адамға қатысты құпия ақпараттар сақталған мұрағат тәркіленді. 2011 жылға дейін Қазақстанның Алматы, Астана, Шымкент,Өскемен, Павлодар, Семей Қызылордада қалаларында үлкен орталықтары болған. Бұл орталықтар 2011 жылы қайтадан діни қызымет, және діни бірлестіктер туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін заңды түрде жабылған болатын. Дегенмен бүгінгі күнде жабылған саентология шіркеулері түрлі психологиялық емдеу орталықтарын ашып жұмысын жалғастырып жатыуы әбден мүмкін. Себебі Алматы қаласындағы осындай  ірі орталықтарының бірі «Бақытқа жеткізер жол» деген атаумен халыққа қызымет етіп жатқаны белгілі. Саентология дінге жатпайды, ол- дәстүрден тыс негізде өктемдікпен адамды баурап алатын жеке тұлғаның арқасында дүниеге келген жалған діни коммерциялық культ деуге толық негіз бар.
    Еліміздегі жалған діни коммерциялық культтердің қатарын толықтыратын ұйымдардың маңыздыларының бірі жергілікті тұрғындардың арасынан шыққан жалған әулие-әмбиелер.  Республикамызда соңғы жылдары елімізде зираттарға зиярат жасайтын «Орда» ,«Ақжол», «Ата жолы», «Бес ата» секілді ұйымдар қатарына кірушілер көбейіп келеді (Ауылды жерлерде). Бір қарағанда, Алла жолындағы жандардың игілікті ісіндей көрінетін осы тірлікке терең үңіле түссеңіз, оның кәдімгі қаржы пирамидасы екендігін байқайсыз.
         «Ата жолына» қысқаша мәлімет бере кетсек. Ең алғаш 1997 жылы «Ақ жол» ұйымы болып құрылады, кейіннен атауын «Ата жолына» өзгертеді, 2001 жылы Алматы қаласында коммерциялық ұйым ретінде тіркеуден өтеді. Ел аумағы бойынша аталмыш ұйымның «Ата жолы» журналы, «Ата жолы әліппесі» секілді баспа өнімдері кеңінен таралған еді. Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларында сенімді өкілдері бар. Солар әулиелік және емшілік қасиетке ие екендігін, олардың ауруларды емдеуге мүмкіндігі барын сендіріп, яғни қарапайым адамнан әулие жасау арқылы жер-жердегі жұмысын жалғастырып жүр.
         Бүгінде олардың «торына» түскен адамдардың санында шек жоқ. «Ата жолының» арқасында отбасынан айрылып, тіпті өз-өзіне қол жұмсайтындардың да саны артқан деседі. Соның нәтижесінде автобусқа ел тиеп алып мола аралайтын «Ата жолы» ұйымы секта ретінде бағаланып, оның қызметіне заңды түрде тиым салынған еді. Бірақ бұл ұйымда жасырын жұмысын жалғастырып жатыр. 2012 жылы діни бірлестіктердің жұмыстарын тексеріп, талдау жасап көрген Қызылорда облыстық прокуратурасы, ішкі істер және әділет депар­таменттері, Ұлт­тық қа­уіп­сіздік комитетінің Қы­зыл­орда облысы және Байқоңыр қа­ласы бойынша департаменті аймақта ешбір тіркеусіз Орда деп аталатын 20-дан астам діни ұйымның жұмыс жасап жатқанын анық­­таған.
         Бұл ұйым өзінің жұмысын бірқатар жерлерде “Ата жолы”, “Бес ата”, “Ақжол” тармақ­та­ры арқылы жүргізеді. Осы “Орда” тобы жетекшілері өздерінің мұсылман­шылықтан сырт тұрғандарын оларды ұйым мүшелері “әулие” атайтындығынан да көрінеді. Олар көшеде көрінген кез келген кісіге: “Сенің бойыңда бір ерекше қасиет бар, енді бізбен бірге жүріп, ата­лардың басына барып, жолыңды ашып алуың ке­рек, әйтпесе өзің немесе жақын-жуықтарыңның бірі жазым болады” деп, әңгімелерін буынға түсуден бастайды. Сол алдаудың арбауына түсіп қалған адамдар  жолдың қашық­тығына қарай жетекшіге 25-45 мың теңге ара­лығында ақы төлеуі тиіс. Әулие аралап келгеннен кейін Ордашылардың айласы намаз оқытып сізге, аяқ астынан қасиет дарытып – емшілік береді. (Бұл желіктіргені деуге болады)Сосын айтқанын орындатып, өзіне бағындырады. (негізгі мақсаты) [3]
      “Оның мүшелеріне жүктелер негізгі міндет – топқа мүше тарту. Бұлардың сол сапарларға орай алатын атақтары мен құқықтары да белгіленген. Мәселен, Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи баба ба­сына екі мәрте барып, өздерінің “Жүрек ашқызу” деп атала­тын ақылы жоралғыларына қа­тысып қайтқан еркек – “Сұңқар”, әйел “Аққу” атанады. Содан кейін сол “Сұңқарлар” мен “Ақ­қу­ларға” аруақтың атынан сөйлеуге, адам емдеуге то­лық құқық беріледі десек, ерсілі-қарсылы теңселіп отырып, төрелігін білдіріп тұратын “әулиенің” жүзіне тіктеп қарауға болмайды. Бұлардың түсіндіруінше, “әулиеге” қарасаң, аталар сөйлемей қояды. “Саған ана атаның аруағы былай деді, сен енді мы­надай міндетті орын­­дауың керек, сонда жо­лың ашылады” деп ар­тынан ерген  жұртты  бүл­діреді. Өз биз­нес­терін жүйелі маркетинг тәрті­бі­мен дамытып жатқан ор­да­лықтардың жазылмаған заңында “Аққулар” мен “Сұң­қарлар” өз бетінше топ құрып, зиярат жасауға мүмкіндік ала­ды. Діннің шындығын өздерінің әрекеттерімен бүрке­мелеген осындайлардың шы­лауын­да мыңдаған адам жүр.
     Зиратқа зиярат жасау ертеден бар. Ол тіпті ауыз әдебиетінің жанрларында да кездеседі. Айталық, “Алпамыс батыр” жырында Жаратқан­нан бала сұрап жалбарынған Байбөрі “Көңілін тіпті бөл­меді. Ойын-күлкі жыртаң­ға, түнеді үш күн Байбөрі, Әзірет Әлі сұлтанға” деп суреттелсе, “Қо­быланды батырда” бір перзентке зар болып, “Әу­лие­ге ат қойып, Қорасанға қой айтып” әулие қоймай қы­дыр­ған, етегін шеңгел сыдырған Тоқтарбайды көреміз. Ондай Алладан медет тілеген жарым көңіл  жандардың әулие басына тү­неуі қазір де кездеседі. Бірақ, олардың бірде-бірі орда­шылар секілді қорымдардың қорғанына топырлап барып, әу­лиелі жерлерге топ-топ болып  бармайды. Әуле аралайтындар арасында “Бес ата” деп кеңінен таралған пірлер бар. Соларға тоқталып өтсек. Олардың басында Тезек төрені асау жырымен тезге сал­ған Сүйін­бай баба тұр, одан кейін “Менің пірім – Сү­йінбай, сөз сөйлемен сыйын­бай” дейтін әйгілі Жамбыл баба, әрі қарай Түктібай ата, Са­рыбай би, Қайназар ата болып жалғасып кете барады. Міне, бес атаның тізімінде осы аруақты бабалар тұр. [4]
         Еліміздегі аталған ұйымның рухани дем берушісі  Тоқберген Байтасоватың өзінің блогында жазған жазбаларынан әулиешілердің діни іліміндегі көп нәрсе дәстүрлі ислам дінінде жоқ ұғымдар бар. Оны төмендегі жазбадан көреміз.
Ата жолының ең басты рухани бұлағы жүректердегі пердені, яғни мөр ашу болып саналады да,  оның  бар жұмыстардың атқарушысы мен ата жолының ғылым-білімдік, тура жолдық шараларын қалыптастырушы болып, әрбір ата жолына келген пендеге иманын іздеуге жетекшілік ететін аққу сұңқарлардың тақуалық бейнесін қалыптастырумен ғана атқарылады. Сондықтан осындай қасиет, дарындылықтарды меңгере білген әрбір аққу, сұңқар өзінің білімділік, ілімділік шамасына қарай белгілі бір қасиеттің пірлері болған әулиелер аруағы мен пенде арасындағы аяттарды, хабарларды жеткізуші елші болып саналады. Ол үшін де әуелі 9 жыл сынақ мерзіміндегі тән мен рух, жан,  сезім арасындағы 3 түрлі қараңғылық пердесін тазартумен, жарыққа айналдыру арқылы иманың 60 бұтақты дәрежесін меңгеру шарт.
Бұл негізінен ата жолының орта топтық қағидалары болып бекиді. Ал кім иман қуатын жинауда, дін істерін меңгеруде озық болып, тақуалығын жетілдіре білсе, онда 70 бұтақты иманның тәубелік сатысын меңгеруіне қарай ғана елшіліктің де түрлі деңгейлерде дәрежесін меңгере алады. Ал иман қуаттарының да дәрежелері аққу, сұқарлардың әрбір жетекшілік еткен пендесінің жеке-жеке жобасымен тура жолына аманат алып, қасиет, дарындылықтарын меңгерудегі амалдарын, тіршілік намазы қылып орындаумен,  мазхабтық шариғат намаздармен біріктіре отыра уахилармен, бата, аяндармен көрсетуі бойынша қателіктерін түзеп, толық намаз орындауларымен, ата жолында меңгерген, шықан жетістіктермен ғана өлшенеді. Сондықтан әрбір аққу, сұңқар қандай шәкірт дайындай білсе және ол шәкірті өзінен де биіктен көрінетіндей қасиеттерді меңгере білсе, онда имандылығына, қасиеттілік дәрежесіне және  толық өз атына да лайық болушы болып есептеледі.
Негізінен бәріміз де мөр мұғжизасына, яғни ата жол ақ бұлағының бастауына жалғанған болып, сол бұлақтан әркім өз суатын алып, халқымыздың тұрмыс өмір және ақиретті ақаараттар алу саласының сөз ғылымының, ілімдердің барлық саласын қамтитын мектебі болып, болашақта өз еліміз түгіл, бүкіл әлем халқына да танымал болып, барлық діндердің де ортасы болып қаланатыны да хақ.  [5]
Ислам дінінде зиярат ету әдебі қандай болуы керектігі жиі айтылып жүрсе де Алладан гөрі өлген адамнан тілеуді жөн көретіндер әлі де табылып қалуда. Расында бүгінгі қоғам осы мәселеге келгенде екіге жарылатын сияқты Қабір басына барып, өлгендерден тілек тілеп, Түркістандағы Яссауи кесенесін қасиетті Қағбаны айналғандай жеті рет айналып, тәуап етіп жататын, әруақтан тілек тілеп, бала сұрап жалбарынатын қауымның іс-әрекеті қаншалықты Исламға қайшы екенін біреу білсе, біреу білмейді. Бүгінде тыйым салынса да «Ақжол», «Ата жолы», «Сұңқар», «Аққу» деген атпен талай қазақ көш бастап, қиындыққа тап болғандарды қабір аралатып, олардан демеу сұратып жүр. Амалы таусылған шарасыз жанның жиған-терген теңгесін жинап алып, жолын ашып берушілер көбеюде. Бұл осы дүниенің есебі, ал ақиретте ше? Алайда, олардың: «Біз аруақтардан емес, Алладан сұраймыз, тек біздің тілегімізді Аллаға аталар жеткізеді» деп жүргендері – рухани айла дейді ҚМДБ имамдары. Өйткені Алла Тағала: «Алладан басқа нәрселерге табынасыңдар ма? Олар сендерге зиян тигізу қабілетіне де, пайда келтіру қабілетіне де ие емес қой. Алла естуші, әрі толық білуші» дейді («Маида» сүресі, 76-аят). Қалай алып қарасаң да қабірде жатқандардан тілек тілеуге болмайтыны  анық. Тілекті еститін де орындайтын да бір Құдай. «Жаратушы тұрғанда жаратылғаннан не сұрайсың» деп аталарымыз тегін айтпаған ғой.       Алла тағала Фатиха сүресінің бесінші аятында бір Аллаға ғана құлшылық етіп, бір Алладан ғана сұрау қажеттігін адамдарға бұйырған екен. Ал, қабірде жатқан қандай қасиетті адам болса да, одан бірдеңе сұрау – Алланың қаһарын тудыратын серік қосу күнәсі болып саналады. Дәстүрлі ислам діні бойынша  әулие, әнбие, әруақ – бұлардың бәрі өмірден өтіп кеткен адамдар. Олар біздің қайғы-қасіретімізге, қуаныш-шаттығымызға ортақтаса алмайды. Бізге ешқандай жәрдем тигізбейді. Тіпті олар біздің не тілеп, не сөйлеп жатқанымызды да естімейді. Бұл сөзімізге дәлелді  Құраннан табамыз. «Егер оларға жалбарынсаңдар – дауыстарыңды естімейді. Егер, олар естісе де, сендерге жауап қайтара алмайды. Сондай-ақ, Қиямет күні олар сендердің ортақ қосқандарыңнан танады. Толық хабар беруші Аллаһтай сендерге ешкім түсіндірмейді» (Фатыр сүресі, 14-аят). «Тірілер мен өлілер тең емес… Мұхаммед (ғ.с.) сен қабірдегі біреулерге естірте алмайсың» (Фатыр сүресі, 22-аят). Ислами сенім Аллаһтың аяттарында келтірілгендей, тірілер мен өлілер тең еместігін нақтылай түседі. Өлілердің тірілерге көмектесуі мүмкін емес. Ал тірілер Құран оқып, дұға жасап, өлілерге көмектесе алады. О дүниедегі туыстарыңызға дұға жасасаңыз, Алла оның мәртебесін өсіреді дейді.[6] Түркістанды екінші  екінші Мекке деген атты қоспасақта оның өз атақ абыройы жетерлік. Тарих сахнасынан түркі рухани астанасы деген ұғыммен орын тепкені баршаға аян. ЮНЕСКО төңірегінде тойланған Түркістан қаласының 1500 жылдығында сөз алған ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі жалпы жұртшылыққа Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне табынып, тауап етпеу керектігі, ол кесенені зиярат жасаумен қажылық міндетін орындаған болып саналмайтындығы жайында айтып, керісінше баба кесенесіне құрметпен қарап, оған құран бағыштап және Аллаһтың рахымын тілеп, тек бір Аллаһқа ғана сыйынуға үндеп, шақырған болатын.

Пайдаланған әдебиетте тізімі

3           http://baq.kz/blog/article/989
5           http://tokbergenbaitassov.com/
6          http://kz.otyrar.kz/2014/01/alladan-bolsyn-ne




Комментариев нет:

Отправить комментарий