Әлемдік саяси картаға көз
тіксеңіз Еуразияның дәл жүрегінде сары
түспен боялған Қазақ Елінің кең байтақ териториясы көзге түседі. Осынау кең
даланы бабамыз ұрпақтан-ұрпаққа мұра
етіп, көздің қарашығындай сақтап келгенді. Көшпелі жұрттың көшін иіріп қойнауына
талай жұртты сыйғызған бұл киелі далада Ұлы жібек жолы арқылы сан мыңдаған
жолаушылар мен керуен-керуен жүк артқан түйелердің қиы сіңіп қара құнарлы
топыраққа айналды. Ұлы жібек жолы тек сауда жолы ғана емес, сонымен қатар шығыс
пен батыс мәдениетін байланыстырып тұрған өркениет жолы еді. Тарих қойнауынан
сыр шертсек Дешті қыпшақ даласында аңдардың суретін тасқа қашап салып,
көкберіні тотемі еткен тотемдерді, ата-баба әруағына табынған анимистерді,
кресті қасиет тұтқан несторилерді, көк
тәңірге табынған түркілерді, отққа табынған зәрдүштерді, жын мен періге әмірін
жүргізген шамандарды да, таухидті ұстанған ата-бабамызды, бір сөзбен айтқанда
адам баласының жүрегінен орын алып сеніміне қуат берген бүкіл діндерді
кездестіреміз. Жаратылысқа зер салып қарасаңыз жер бетіндегі үйлесімділікті
көріп бір шебердің қолынан шыққан туынды екенін аңғаруға болады. Күннің шығуы
мен жер бетіндегі тіршіліктің жандануы, белгілі бір аралықта жауын суымен
өсімдіктердің суарылуы, күннің батуы мен аймен жұлдыздардың шығуы барлығы
өздігінен болуы әсте мүмкін еместі. Шын мәнінде жаратыушы біреу, оған жеткізер
жол әртүрлі. Ежелгі діндер бұл турасында түрлі мифологялық көзқараста болған
еді. Әр бір болып жатқан құбылысқа жеке дара өзінің иесі бар деп бір- бір
құдайдан телген болатын. Ежелгі
мәдениеттің классигі саналатын
Грек-рим, үнді-қытай мифологиясында да жиі кездестіретініміз құдайлар мен
оларға арналған құрбандықтар туралы жазбаларды жиі кездестіреміз. Өз кезегінде
құнды дүние саналған қағидалар күнімізде тек тарихи ескерткіш ретінде қалды.
Әйтсе ол діндер әлемдік діндердің пайда болуындағы алғашқы баспалдақтары
болатын. Әлемдік діндердің барлығы дерлік тек өз дінің дұрыс өзге дін
өкілдеріне құдайға жеткізер жолдың есігі жабық деп айтпайды. Себебі жер
бетіндегі дін атауы тек бейбітшілікке, бірлікке, бауырмалдылыққа шақырады.
Бүгінгі күнде ғаламдық проблемалардың бірі әлемдік саясатқа кері әсерін тигізіп
отырған ұлт аралық дау-жанжалдар мен діни фанатизм. Әсіресе діни экстремизм
және терроризм мәселесі жаһандық қатерге айналып отыр. Бұл мәселеде Қазақ Елі
ада дей алмаймыз. Себебі 2011 жылы Тараз
қаласындағы жеті адамның өмірін қиған экстремистердің ұйымдастырумен болған
жарылыс, Ақтөбе қаласында болған жарылыс тағы басқа елімізде жүзеге аспай
қалған ұйымдасқан топтардың құрықталуы
бейбітшілікке төнген қатерідің бар екенін көрсетеді. Менің осы тақырыпта
ізденіс жүргізгенімде басты назар аударған нәрсе – қазіргі бүкіл әлемде болып жатқан жарылыстар,
қантөгістер, діни төзбеушілік пен нәтижелері, оның ішіндегі Ирактағы, Таяу Шығыстағы болып жатқан қорқынышты террактілермен жарылыстар. Сондай-ақ бұл тақырыпты зерттеу барысында, толеранттылық ұстанымы,
зайырлы мемілекет ұғымы, діннің негізгі мақсаты, әлемдік діндердің бірлігі,
толеранттылықтың үлгісі ретінде көрініс тапқан «Әлемдік және дәстүрлі діндер
съездінің» өткені мен бүгіні, болашағы
туралы, ментурал діни фанатизмдер кімдер, олардың алдын алудың жолдары, Әбу –
ханифа мен Орыс православ шіркеуінің Қазақ Елі үшін дәстүрлі дін ретінлегі
рөлі, Экстремистер әлемге және де біздің
қоғамыз үшін қаншалықты қатерлі, деген сұрақтарға жауап іздедім. Қазіргі
адамзат қоғамының негізгі
ерекшелігі әлем мемлекеттерінің өзара
жақындасуы барлық мемлекеттер үшін
өркениет стандарттары қалай ортақ болса, қайшылықтар мен қауіптер де соншалықты
ортақ. Соңғы уақытта адамзатқа ортақ, ғаламға төнген кауіптердің қатарына экстремизм келіп қосылды. «Фундаментализм»,
«Экстрремизм» ұғымдары, біздіңше,
біріне-бірі жақын ұғымдар, ал терроризм оның асқынған көрінісі. Қазіргі
әлемде экстремизм идеясынының
пайда болуы және оның таралуы
бірден – бір қатер. Бұл идея
мемлекеттің іргесін шайқалтуға, түптеп келгенде
әр-түрлі елдердің мәртебесін өзгертуге бағытталған. Бүгінгі таңда қауіпті ауқымды қатерлі салдар тудыратын
деңгейде жеткен
экстремизм саяси құқықтық
құбылыс ретінде ғаламдық күрмеуі қиын
мәселеге айналды. Осы тұста
бейбітшілікке бастайтын діни төзімділік пен диалогтың мәні өте зор болып отыр.
Соның әлемдік көрінісі ретінде Еліміздің астанасы Астана қаласында бастау алған
әлем діндерінің лидерлері бас қосатын съезді айтуға толық негіз бар. Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің съезі тек Қазақ Елі
үшін ғана емес әлемдік ой санада қалыптасып ұзақ процеске созылған тарихи оқиға. Ал Қазақ Елі үшін әлемдік діндердің
арасында толеранттылықтың имиджі ретінде қалыптасқан Астанадағы пирамида жасампаздықтың белгісі
ретінде есте қалады. Үш жылда бір рет бас қосатын әлемдік дін лидерлері бірін –
бірі түсінуге, діни төзімділікке, дін атауы түрлі болғанмен ақиқат біреу екенін
бәрі бір ауыздан мойындайды [1].
Қазақстанның саяси тұрақтылық пен ұлтаралық және
дінаралық келісімді жүргізу тәжірибесінің бүкіл әлемдік мәні болып отыр.
Сондықтан да 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына
Қазақстанды осы ұйымның төрағасы етіп сайлады және Астанада ЕҚЫҰ-ның саммиті
өтті. Оның алдында елімізде 3 рет әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндердің
съездері болып өтті.2003 жылы 23-24 қыркүйекте Елордамыз Астана қаласында
әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндердің І съезі болып өтті. Съезд жұмысын 80
шетелдік, 275 қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері әлемге жария
етті. Съезд қарсаңында да, оны өткізу кезінде де БАҚ кеңінен атсалысты. Съезге дүниенің төрт бұрышындағы 17 мемлекетінің дін
адамдары және халықаралық ұйымдар мен басқа да сала өкілдері келген
болатын. Съезге Рим Папасы Иоанн Павел ІІ, Бүкіл Ресей және Мәскеу Патриархы
Алексий ІІ, Кентерберий архиепископы Р.Уильямс, Варфоломей православиелік
шіркеуінің Константинополь Патриархы құттықтау жіберіп, қолдаған еді. Бұл съезд
жаһандық сипат алып, соны насихаттауға келген өзіміздің және шетел журналистері
діни форумның әрбір сәтін қалт жібермей, төрткүл дүниеге таратты. Қазақстанның
елордасы Астанада болған бұл форум мұсылман, христиан, иуда, будда, синтоизм, даосизм,
брахманизм сияқты әртүрлі дін өкілдерін бір есіктен кіргізіп, бір үстел басында
әлемдік деңгейде бас қосуға мұрындық бола алды. «Қазақстан сөйтіп осыншама сан
алуан дін өкілдерінің басын қосып, алқалы жиын өткізген тұңғыш мұсылман
мемлекеті ретінде тарихқа енді. Франция митрополиті Эммануельдің «Астанаға мен
білетін діндердің бәрі бас қосты», деуі де сондықтан». Әлем елдері мұндай
басқосудан үмітті болғанымен, дәл біздің еліміздегідей жағдайдың оларда бола
бермеуі мүмкін. Қазақстанның әлемдік қауымдастық алдындағы беделі алқалы жиын
өткізудің алғышартын жасады.Астанада өткен осы съезд бүкіл әлем өміріндегі аса
маңызды рухани оқиға болды. Оған дәлел делегациялардың құрамы мен съездің күн
тәртібіндегі мәселелер ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығының осы съезге ерекше
назар аударуында болды.Съезге БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан, Сауд Арабиясы
королі Фахд ибн Абдул Азиз Әль-Сауд, АҚШ Президенті Джордж Буш, Ұлыбритания
Премьер-министрі Тони Блэр, Франция Президенті Жак Ширак, Ресей Федерациясы
Президенті Владимир Путин, Иран Ислам Республикасының Президенті Сеид Мухаммед
Хатами, Египет Араб Республикасының Президенті Хосни Мубарак, Италияның
Премьер-министрі Сильвио Берлускони және т.б. өз жолдаулары мен құттықтауларын
жіберді.Ислам әлемдік дінінің атынан съезге Мысыр, Үндістан,
Индонезия, Иран, сауд Арабиясы және Пәкістаннан делегациялар келді. Ал христиан
әлемдік діни конфессиялары атынан Рим-Католик, Англикан, орыс проваславиесі,
Константинополь проваславиесі шіркеулері мен Лютерандардың бүкіл әлемдік
дінінің үш делегациясы келді.Дәстүрлі Ұлттық діндер атынан Иудаизм, Доасизм, Индуизм,
Синтоизм, т.б. өкілдері келді. Діндердің әртүрлі бағыттарынан барлығы 18
делегация қатысты.Рим папасы Иоанн Павел ІІ, Мәскеу және бүкіл Ресей
патриархы Алексей ІІ съезге үлкен көмек көрсетіп, құттықтаулар жіберді.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев съезге
қатысушыларды құттықтап сөз сөйлеген соң, съезге қатысушылар бірауыздан Н.Ә.
Назарбаевты съездің төрағасы етіп тағайындады. Осылай біздің Елбасымыз аса биік
мәртебе мен құрметке ие болып, съездің жұмысын ашық деп жариялады. Съездің
жұмысы басталар алдында жер бетіндегі бейбітшілік пен келісімді мұрат етіп,
барлық діндердің, конфессиялар мен халықтардың бірлесуі үшін ерік-жігер, күш-қуат
пен денсаулық берсін деп толғану және құдайға жалбарыну үшін бір минут тыныштық
жарияланды.Осыдан соң съезде бірінші болып съезд төрағасы ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаев сөз
сөйледі. Елбасы өз сөзінде Қазақстандағы және бүкіл әлемдегі діни ахуалға
жан-жақты тоқталып, діндердің рөлі мен даму барысы туралы терең де батыл
тұжырымдар жасады. «Біріншіден»: «Өркениеттер жанжалы» және «діндер дағдарысы»
тақырыбы бойынша соңғы жылдары орын алған пікірлер негізсіз деп санаймын деп
мәлімдеді Н.Ә. Назарбаев [4]. Бұл тұжырымның теориялық қана емес практикалық
маңызы да үлкен болды. Оны съезден кейінгі жағдайлар көрсетті.Одан соң Елбасы бүгінгі қиын да күрделі әлемде
«адамзаттың діни ақиқаттан жауап іздеуге жаппай оралуы...» туралы пайымдауы да
үлкен шындық деп көрсетті. Адам баласы Алланың пендесі екендігін жаппай
мойындауға көшті. Елбасының сол съездегі сөзінде тағы да бір аса маңызды нәрсе
ол діни жағдай мен діннің Қазақстан және әлем үшін ерекшелігін былайша ашып
көрсетті: «Бұл тұрғыда – деді Н.Ә. Назарбаев, - Еуразияның орталық бөлігінің
ерекшелігі мұнда діннің көптеген халықтарды ұлттық топтастырудың факторына да
айналуында болып отыр». Дін қоғамды топтастырушы фактор ма, әлде жікке бөлуші
фактор ма, дәл осы сұрақ көбімізді алаңдатып келеді. Дін жікке бөлуші емес,
топтаушы фактор. Съезд жұмысының өзі осыған нақты дәлел. Мәселе діннің
топтаушылық рөлін көре және ұтымды пайдалана білуде.Рухани әмбебаптығымен қатар дін халықаралық
ынтымақтастықтың ықпалды институты да. Саяси реттеу әдістері іске аспаған кезде
Құдай Сөзінің рөлі татуластыру мен ынтықтың бірден-бір құралы болып қалуда
екендігін де Елбасы еске салды. Ата-бабаларымыздың ең бір қиын істерді Құдайға
салып, Құран алдында оп-оңай шешіп кеткендігін қалай ұмытып кеткенбіз.«Өркениеттер жанжалы» емес «өркениеттер кездесуі» туралы
айту әлдеқайда орынды дей келе, бүгінгі әлемде «тек қана әралуандылыққа,
көпұлттылыққа, көпдінділікке негізделген бірлік формуласы ғана дұрыс», деп
көрсетті Н.Ә. Назарбаев.Бұдан кейін Елбасы қазіргі кезеңде орын алып отырған
діннің рөлін бұрмалау мен діни экстремизмге сын айтып бірнеше құнды ұсыныстар
айтты. Олар:-
діни үнқатысу
арқылы «алтын ортаны іздесу»;
-
діндер форумын
тұрақты түрде өткізу;
-
діни төзімділік
хартиясын әзірлеу;
-
діндердің бірыңғай
мәдени орталығын құру. Съездегі жарыссөзді бүкіл дүниежүзілік Ислам лигасының
бас хатшысы Абдалла Бен Абдуль Мухсин Әль-Түрки бастады. Исламның ізгі
қағидаларының артықшылықтарын түсіндіре келе Әль-Түрки Ислам Лигасы атынан
бірнеше ұсыныстар айтты. «Өркениеттің қақтығысы» теориясын, ұлттар мен халықтар
арасындағы тайталасқа шақырушыларды зерделеу мен сын тезіне салуды ұсынады.
«Ланкестік ұғымына халықаралық ұйымдардың талаптарына сәйкес анықтама беру»
туралы Әль-түркидің ұсынысының мәні үлкен.Ислам діні атынан съезде тағы да Иран Ислам Республикасы
Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі жанындағы Ислам заң ілімі және құқығы
жөніндегі комитеттің төрағасы Мехди Харави Могаддам, Әль-Азхар университетінің
Жоғарғы Имамы Шейх Мохаммед Саид Тантауи, Қазақстан Мұсылмандары Діни
басқармасы төрағасы, Бас Муфти Әбсаттар қажы Дербісәлі, Пәкстан халықаралық
Ислам университетінің вице-президеті Ахмад Ғази сөйледі.Саид Тантауи діндер мен халықтар мемлекеттер арасындағы
үнқатысудың өзара байланыстың негізінде жеті түрлі қағидат жатқанын, осы
қағидаттарды басшылыққа алғанда ғана үнқатысудың нәтижелі болатындығын атап
көрсетті. Осы қағидаттарды білу және басшылыққа алу діндер мен мемлекеттер
арасындағы диалогты ғана емес, кез келген екі адам арасындағы байланысты
нығайтуға да үлес қосады.Әбсаттар қажы Дербісәлі дін қайраткерлеріне артылып
отырған үлкен сенімге орай былай деді: «Ол үшін барлық дінбасылары мешіттер мен
шіркеулер, озық ойлы адамдар өз халқының рухани да мәдени деңгейін барынша
көтеруге ықпал еткені абзал».Пәкстан Халықаралық Ислам университетінің вице-президенті
Ахмед Ғази «Бүгінгі күні барлық дінтанушылар түсінікке негізделген тың
дәстүрлерге ірге тарту жолында бірлесе жұмыс істеуі тиіс» деп мәлімдеді.Қасиетті тақ делегациясының басшысы жоғары нұркейіпті
Кардинал Иосиф Томко қасиетті Рим папасы басқарып отырған католик шіркеуінің
бейбітшілікті пайымдауы туралы айтты.Ол бейбітшілікті орнықтырудың католиктік көзқарасына
тоқталды. Христиан діні бейбітшілікті Құдайдың сыйы деп қабылдайды және ол үшін
құлшылық етеді. Католиктер құлшылық етуді астан тежелеумен де ұштастырады. 2002
жылы Папа католиктерді бейбітшілік жолындағы астан тежелеу күнін мұсылмандармен
рухани бірліктің айқын нышаны ретінде рамазан айының соңғы жұмасына сақтауға
шақырды. Кардинал Иосиф Томконың «уағыз айтушылар өшпенділікті емес
сүйіспеншілікті, астамшылықты емес – аяушылықты, соқыр сенімді емес әділ
сенімді уағыздауы тиіс» деген сөздері барлық діндер үшін де үйлесімді бағыт.Адамзат басынан кешіріп отырған қиындықтардың діни
шекарасы жоқ.Бүкіл дүниежүзілік Лютеран Федарациясының бас
хатшысы Ишмаэл Ноканның сөзінде 1999
жылы қазанда Бүкіл дүниежүзілік Лютерандар Федарациясы мен Рим-католик шіркеуінің арасында келісімге қол қойылып,
екі конфессия арасындағы ХVІ ғасырдан келе жатқан араздылықтың жойылғанын мысалға
келтірді.Астана және Алматы Митрополиті Мефоди православиеліктер
атынан сөйлеп, Ислам мен православиенің «Қазақстанда оның әлеуметтік және
рухани өміріндегі тұрақтылықтың кепілі екендігін айта келіп, кейбір жалған діни
ұйымдардың белсенді рухани басқыншылығына алаңдаушылық білдірді, олардың
қауіптігін ескертті. Олар көп ретте адамды отбасынан, қоғамнан, өз халқының
мәдени және әлеуметтік тұрмысынан оқшалауға тырысады. Рухани дәстүрлерді
халықтардың тұрмысы мен салтын жоққа шығарып, мойындамайтындар дәстүрлі діндер
мен діни нанымдарының тамырлары мен негіздерін әлсіретіп қана қоймайды, сонымен
бірге қоғамның мемлекеттік негізін шайқалтады деді. Ондай жалған діндердің
қауіпі туралы мұнан артық айту қиын.Иудей делегациясының басшысы, Израильдің бас раввині Иона
Мецгер Қазақстандағы татулық пен келісімді жоғары бағалап, біз бұл елден
үйренуіміз керек, мұның өзі барлық діндерге қатысты» деп атап өтті.Съездегі Бүкілқытайлық буддистер ассоциациясының
өкілінің, Индиядан келген Индуизм діні өкілінің, Бүкілқытайлық даосистер
ассоциациясы өкілінің, Жапониядағы Синтоистік дін өкілінің басқа да съезге
қатысушылардың сөздерінде дінаралық, ұлтаралық бірлік пен татулықты
жетілдірудің маңызы жан-жақты көрсетілді.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев съездің жабылуына орай сөйлеген
сөзін «Яғни, біз барлық дін арқылы бейбітшілікті, төзімділікті, шыншылдықты,
келісім мен адам сүйгіштікті уағыздайтындығына тағыда бір рет көз жеткіздік.
Біз қарапайым, алайда сөзсіз бір ақиқатты түсінуге тиіспіз – бүгінгі дүниеде
біздің бәріміз өзара тәуелдіміз» деп түйіндеді.Съезд Декларация және Шешім қабылдады. Декларация съездің
қорытынды құжаты болып табылады. Декларацияда съезге қатысушылардың ойлары мен
ұсыныстары көрініс тапты.Декларацияда съезге қатысушылар әр адамның өз дінін еркін
таңдау құқығын мойындай отырып, дінаралық үнқатуды халықтар мен ұлттар
арасындағы бейбітшілікпен келісімді орнықтырудың аса маңызды құралдарының бірі
деп санай отырып, БҰҰ, т.б. халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың
өркениеттер арасындағы үнқатысуды өрістету жөніндегі күш-жігеріне қолдау
білдіре отырып, діннің бүкіл адамзаттық игілігі үшін маңызын қуаттай отырып,
дінді теріс пайдаланушылықты айыптады.Декларация адам өміріне деген құрметтің кеміп
кеткендігін, сондай-ақ кедейшілік, аштық, сауатсыздық, түрлі аурулар,
имансыздық сияқты келеңсіз құбылыстардың, таза су мен денсаулық сақтау ісінің
әлемде әлі де шектеулі екендігін, экологиялық дағдарыстарын, жаһандық
тұрақтылыққа төнген елеулі сынақ екендігін атап өтті [5].Осылардың негінде Декларацияда жасалған мәлімдемеде мына
мәселелерге назар аударылды. Төзімділік, ақиқат әділдік және сүйіспеншілік
секілді құндылықтарды өрістету кез келген діни ұйымдардың мақсаты болуы тиіс.
Экстремизм, ланкестік, зорлықтың барлық түрлерінің адам өміріне қатер ретінде қабылдануы
тиіс екендігі көрсетілді. Діни нанымдар мен ұстамдылықтың сан алуандылығы өзара
күдіктенушілікке, кемсітушілік пен қорланушылыққа емес, әр дін мен мәдениеттің
бірігейлігін көрсетіп өзара қабылданушылық пен үйлесімділікке жеткізілуі тиіс
екендігі атап өтілді.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Койчукулов М. Факторы
религиозного экстремизма // Казахстан-Спектр. – 2002. – № 4(22). – С.
10.
2 Имомов А. Непрерывный диалог – важнейший способ
решения проблемы экстремизма // Религиозный экстремизм в Центральной Азии:
Материалы международной научно-практической конференции. – Душанбе: - «Деваштич», 2002. – С. 170.
3 Мирский Г. Экстремизм, терроризм и внутренние
конфликты в «третьем мире» // Мировая экономика и международные отношения. –
1988. – № 8. – С. 68.
4 Назарбаев Н.А.
Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндердің І съезінде сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. – 2003. –
25 қыркүйек.
5 Әлемдік және
дәстүрлі-ұлттық діндердің І съезі. // Егемен Қазақстан. 2003. – 24–25 қыркүйек.
1 Койчукулов М. Факторы
религиозного экстремизма // Казахстан-Спектр. – 2002. – № 4(22). – С.
10.
2 Имомов А. Непрерывный диалог – важнейший способ
решения проблемы экстремизма // Религиозный экстремизм в Центральной Азии:
Материалы международной научно-практической конференции. – Душанбе: - «Деваштич», 2002. – С. 170.
3 Мирский Г. Экстремизм, терроризм и внутренние
конфликты в «третьем мире» // Мировая экономика и международные отношения. –
1988. – № 8. – С. 68.
4 Назарбаев Н.А.
Әлемдік және дәстүрлі-ұлттық діндердің І съезінде сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан. – 2003. –
25 қыркүйек.
5 Әлемдік және
дәстүрлі-ұлттық діндердің І съезі. // Егемен Қазақстан. 2003. – 24–25 қыркүйек.
Комментариев нет:
Отправить комментарий